18 жасқа толғанға дейін балалардың есепшотында қанша ақша жиналады?
18 жасқа толғанға дейін балалардың есепшотында қанша ақша жиналады?
Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай бүгінгі Президент Жолдауының өзекті тұстарын түсіндірді. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.
«Президенттің бастамасымен Балалар жылының аясында «Ұлттық қор – балаларға» атты жаңа бағдарлама іске қосылады. Оған сәйкес 2024 жылдан бастап Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы балалар 18 жасқа толғанға дейін олардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударылады. Жинақталған қаржы балалар кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалады», - деп жазды Руслан Желдібай.Оның айтуынша, Үкімет пен Ұлттық банктің есебі бойынша елімізде жыл сайын 400 мың сәби дүниеге келеді. Әр бала 18 жасқа толғанша олардың есепшотында кемі 3 мың АҚШ долларына тең қаражат жиналады.
Taulik.kz