Жаңалықтар

Президент облыс және бірнеше қаланың әкімдерімен жиын өткізді

Президент облыс және бірнеше қаланың әкімдерімен жиын өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдерімен жиын өткізді, деп хабарлайды taulik.kz Ақордаға сілтеме жасап. Кеңесте өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері мен өзекті проблемалары талқыланды. Сонымен қатар Жолдауда жүктелген міндеттерді жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.   width= Президент Үкімет пен әкімдерге елдің әлеуметтік мәселелерін жедел реттеу және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған шаралар қабылдауды тапсырды.  Әкімдіктерге инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, кәсіпкерлікті қолдау туралы міндеттер жүктеді.   width= Мемлекет басшысы өңір басшыларына жылыту маусымына дайындықты күшейтуді және күзгі егін жинау науқанын жоспарға сай сапалы орындауды тапсырды.    width= Мемлекет басшысы әкімдердің азаматтармен кері байланысты күшейтуі қажет екенін атап өтті.  Президент Қазақстан халқына арналған бүгінгі Жолдауда жүктелген міндеттерді жүзеге асыру аса маңызды екенін ескертті.