Жаңалықтар

Ресей Қытаймен біріккен әскери оқу-жаттығуын бастады

Ресей Қытаймен біріккен әскери оқу-жаттығуын бастады

Ресей 1 қыркүйек күні Мәскеу мен Бейжің арасындағы өзара ынтымақтастық есебінде Қытайдың және басқа да елдердің қатысуымен аптаға созылатын әскери оқу-жаттығуын бастады. Ресей Қорғаныс министрі «Восток-2022» оқу-жаттығуы жеті бірдей полигонда өтеді, оның ішінде Ресейдің қиыр шығысы мен Жапон теңізі бар: 50 мыңға жуық әскер және 5 мыңға тарта қару-жарақ, 140 ұшақ пен 60 әскери кемелер болады. Аталған елдердің ішінде бұрынғы Кеңес үкіметінің құрамында болған елдер және Қытай, Индия, Лаос, Монғолия, Никарагуа және Сирия болады деп күтілуде. Бейжің жаттығуға 2 мыңға жуық әскер, 300-ден астам әскери техникалар, 21 соғыс ұшақтар мен үш бірдей әскери кемесін жібереді деп жазып жатыр қытайлық жаңалықтар агенттігі. Қытайдың Global Times басылымының жазуынша, мұндай мақсаттағы, яғни Қытайдың үш бірдей деңгейдегі әскери құрамда жаттығуға жіберуі бірінші рет болып отыр. Бұл жаттығу Қытай мен Ресей арасындағы ынтымақтастық пен өзара сенімді ұлғайтуға негізделген. Оқу-жаттығы Қытай мен Ресейдің Америка құрама штаттарымен аралары шиеленісіп тұрған шақта болып жатыр. Бұл қадамға барудың артында Мәскеудің кең көлемде әскери жаттығу өткізуге, әскерінің дені Украинада соғысып жатса да, көп шамасы жететін көрсету айласы жатыр. Оқу-жаттығулар сонымен бірге Мәскеу мен Бейжің арасындағы өсіп келе жатқан қорғаныс байланыстарын көрсетуі керек, өйткені Қытай Ресейдің Украинаға қарсы әрекеттерін сынаудан бас тартып, АҚШ пен НАТО-ны Мәскеуді арандатты деп айыптап, санкцияларды сынға алды. Ресей бұған жауап ретінде АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің Тайваньға жақында жасаған сапарынан кейін пайда болған АҚШ-пен шиеленістер аясында Қытайды қолдады. Қытайдың оқу-жаттығуларға қатысуы «қатысушы елдердің қарулы күштері арасындағы прагматикалық және достық ынтымақтастықты тереңдетуге, барлық қатысушы тараптар арасындағы стратегиялық ынтымақтастық деңгейін арттыруға және түрлі қауіпсіздік қатерлеріне бірлесіп әрекет ету қабілетін арттыруға бағытталған», – деді Қытай Қорғаныс министрлігінің өкілі полковник Тан Кефей.
«Мәскеумен біріккен, айласын асыруға тырысқан, соның ішінде теңіз-әскери жаттығудың қоса алғанда, бұл Бейжіңге қысым күшейе беретін болса, онда олардың Ресеймен достық қарым-қатынас орнатудан басқа амалы жоқ екенін көрсетеді», – дейді саяси сарапшы Александр Габуев. – Бұл АҚШ пен оның жақтастарына және Жапонияға тікелей әсер етеді. Бейжің үшін АҚШ-ты айласына түсіру аса маңызды.
Мәскеу мен Бейжің бұрын әскери одақтың мүмкіндігін қабылдамағанына қарамастан, Владимир Путин мұндай перспективаны жоққа шығаруға болмайды деп мәлімдеді. Ол сондай-ақ Ресей Қытаймен өзінің әскери технологиясымен бөлісетінін атап өтті.