40 миллиард теңге: Республикалық маңызы бар тас жолдар жөндеуден өтпек
40 миллиард теңге: Республикалық маңызы бар тас жолдар жөндеуден өтпек
«Қарағанды-Балқаш» тас жолындағы өткел 2022 жылдың соңына дейін ашылады, деп хабарлайды Taulik.kz.
«Қазавтожол» ҰК» АҚ 2022 жылдың соңына дейін республикалық маңызы бар қандай ұзақ мерзімді құрылыс бағыттарына жол ашылатынын айтты.
Олардың ішінде Қарағанды-Балқаш, Қалбатау-Майқапшағай, Талдықорған-Қалбатау-Өскемен, Атырау-Астрахань, Подстепное-Федеровка-гр.РФ, Казталовка-Жәнібек-гр.РФ, «Үнеге-Бейсен-Сайхын».
Бұл жұмысқа 40 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінді. Бұған дейін республикалық маңызы бар «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» және «Қалбатау-Майқапшағай» жолдарында жұмыстар баяу қарқынмен жүргізіліп, мердігерлер кестеден қалып қойған. Көптеген бас мердігерлер жұмысын тоқтатты.
Taulik.kz