«Жеке пәтерім жоқ»: Мәжіліс депутаты қазіргі жағдайы туралы айтты (видео)
«Жеке пәтерім жоқ»: Мәжіліс депутаты қазіргі жағдайы туралы айтты (видео)
Депутат Генадий Шиповских Youtube желісіндегі «Qazaq bol» бағдарламасына берген сұхбатында тек бір көлігі бар екенін, қызметтік үйде тұратынын айтты. Сонымен қатар ол депутат ретінде 640 мың теңге көлемінде айлық алады, деп жазады Taulik.kz сайты.
«Менің еңбек жолым 12 жылдан асып, 13 жылға толып қалды. Бізден де үлкен, 30 жыл бойы еңбек етіп келе жатқан кісілер, тіпті 20 жастан бастап, 40 жыл бойы жұмыс істеген азаматтар бар. Жалақыларда айырмашылық болады. Бүгінде жұрт «депутаттар миллиондаған ақша алады» дейді. Негізі бұл – миф. Өзіме келсем, кәсібім жоқ. Бір айлығыма күнкөріп жүрген азаматпын. Жеке пәтерім жоқ, бір машинам бар», – деді депутат.Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыз.
Taulik.kz