Нұрсұлтан Назарбаев сайлауға қатыса ала ма?
Нұрсұлтан Назарбаев сайлауға қатыса ала ма?
Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев сайлауға қатыса алмайды. Бұл туралы Әділет вице-министрі Алма Мұқанова айтты, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Halyq Uni-не сілтеме жасап.
«Республикалық референдумда қабылданған түзетулерге сәйкес, бұл норма Конституциядан алынып тасталды. Онда тұңғыш президентке екі реттен артық сайлауға қатысу туралы норма қолданылмайтын. Бұл норма алынып тасталды», - деді министрдің орынбасары.Осыған байланысты журналистер Алма Мұқановадан «Демек, кезектен тыс өтетін президент сайлауына Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатыса алмайды ғой?» деп сұрады.
«Иә, тиісті норма Конституциядан алынып тасталды», - деді вице-министр.
Taulik.kz