Дархан Қыдырәлі министр болып тағайындалды
Дархан Қыдырәлі министр болып тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен академик, публицист, «Егемен Қазақстан» АҚ Басқарма Төрағасы Дархан Қыдырәлі ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.
Дархан Қыдырәлі 1974 жылы 16 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Түлкібас ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де (1991-1992 ж) және Түркияның Мармара (1992-1996 ж), Докуз Эйлүл (1996-1997), Эгей (1997-1998 ж), Ыстамбұл (1998-2001 ж) университеттерінде білім алған.
Еңбек жолында ҚР Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары, Түркі кеңесі Бас хатшысының орынбасары, Халықаралық түркі академиясының президенті болып еңбек етті. Кейінгі жылдары «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы қызметін атқарды.
Taulik.kz