Асқар Омаров жаңа қызметке тағайындалды
Асқар Омаров жаңа қызметке тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен бұрынғы ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Қуанышұлы Омаров Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.
Айта кетейік, бұған дейін Асқар Омаров ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымынан босатылған еді.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Қуанышұлы Омаров Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымынан босатылды», – делінген Жарлықта.
Taulik.kz