Макрон Ресейдің жеңіске жетуіне жол бермеуге уәде берді
Макрон Ресейдің жеңіске жетуіне жол бермеуге уәде берді
Франция президенті Эммануэль Макрон Франция Украинаға гуманитарлық, экономикалық және әскери көмек көрсетуді жалғастыратынын айтты, деп хабарлайды Taulik.kz сайты «Голос Америки» басылымына сілтеме жасап.
Сонымен қатар ол Ресейге қысымды күшейту және Ресейдің жеңіске жетуіне жол бермеу үшін Еуропа бірлігін нығайту туралы уәде берді.
«Біз Ресейге соғыста жеңіске жетуге жол бермейміз», – деді Макрон.Ол Украинаға жеңіске жетуге немесе «келіссөздер арқылы бейбітшілікке» қол жеткізуге мүмкіндік беруді мақсат етіп отыр.
«Ұзақ соғысқа дайындалуымыз керек», – деді ол.
Taulik.kz