Әділет министрлігі президенттің бірқатар өкілеттігін шектеуді ұсынды
Әділет министрлігі президенттің бірқатар өкілеттігін шектеуді ұсынды
Әділет вице-министрі Алма Мұқанова Конституцияға түзетулер аясында ұсынылатын жаңалықтар туралы айтып берді, деп хабарлайды Taulik.kz сайты inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
«Біріншісі – әкімдіктерге қатысты Президенттің жекелеген өкілеттіктерін тарату. Атап айтқанда, түзетулерге сәйкес Президенттің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің актілерін жою немесе тоқтата тұру, сондай–ақ аудан, облыстық маңызы бар қала, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін қызметінен алу жөніндегі өкілеттіктері алынып тасталды», - деді ол.Осыған байланысты биліктің өкілді тармағын қайта форматтау ұсынылады.
«Мәслихаттың субъективтілігі мен дербестігін нығайту үшін мәслихат төрағасы лауазымын енгізу ұсынылып отыр. Жергілікті өкілді органдардың сайлау жүйесін жетілдіру: облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және Астана мәслихаттары депутаттарының жартысы бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша, ал екінші жартысы партиялық тізімдер бойынша сайланатын болады. Сондай–ақ аудан мен қала мәслихаттарының депутаттары бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады», - деп түсіндірді ол.
Taulik.kz