Жолдаудағы «инклюзивті экономика» деген қандай экономика?
Жолдаудағы «инклюзивті экономика» деген қандай экономика?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бірінші қыркүйек күні жолдаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» деп аталатын Жолдауында инклюзивті экономика туралы айтылды. Taulik.kz редакциясы Жолдаудағы «инклюзивті» сөзіне үңіліп, оның мәнін ашуға тырысты.
«Экономикалық саясатымыздың негізгі мақсаты еш өзгермейді. Оның мәні – сапалық және инклюзивтік тұрғыдан халықтың әл-ауқатын арттыру», – деді Президент Жолдауында.Біз бұл материалымызда «инклюзивті» сөзінің мәнін кеңінен түсіндіру үшін оны институт ретіндегі табиғатын ашуға тырысамыз. Инклюзивті институттар:
- Жеке меншік құқығын міндетті түрде қорғайды;
- Әділ сот жүйесі;
- Барлық азаматтың қызметке араласуына тең мүмкіндік жасау;
- Жаңа компаниялардың нарыққа еркін кіруі;
- Азаматтардың мамандық пен мансапты еркін таңдауын қамтамасыз ету.
«Инклюзивті институттар экономикалық өсуге, өнімділік пен өркендеуге ықпал етеді. Жекеменшік құқығы – олардың орталық элементі, өйткені меншік құқығы қорғалған адам ғана инвестициялауға және еңбек өнімділігін арттыруға пейілді болады. тапқанымның бәрін ұрлап алады, тартып алады немесе артық салық салады деп алаңдаған кәсіпкер, инвестиция мен инновацияны айтпағанда, жұмыс істеуге де ынталанбайды. Элитаның ғана меншік құқығы емес, жалпы халықтың құқығы қорғаулы аса маңызды».Мысал ретінде АҚШ пен Оңтүстік Кореяны толық инклюзивті экономика жасап отырған елдер ретінде айта аламыз.