Жаңалықтар

Ертеңіме сенемін: Бақытгүл Хаменованың үшінші сот отырысы өтеді

Ертеңіме сенемін: Бақытгүл Хаменованың үшінші сот отырысы өтеді

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың үшінші сот отырысы өтеді, деп хабарлайды Taulik.kz. Сондай-ақ, облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев бойынша да іс қайта қаралып, сот өтеді.
“26 мамырда Атырау қаласының №2 сотына Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен Атырау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевке қатысты қылмыстық іс келіп түскен. Хаменова мен Рысқалиевқа ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігі 2-тармағы (с) бойынша айып тағылды”,- деді баспасөз қызметі.

Taulik.kz