Ахмет Байтұрсынұлының ешқайда жарық көрмеген видеосы табылды (ВИДЕО)
Ахмет Байтұрсынұлының ешқайда жарық көрмеген видеосы табылды (ВИДЕО)
Биыл Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы. Осыған орай, Абылай Мауданов өз facebook парақшасында сүйінші жаңалықты бөлісті.
Құрметті достар! Сүйінші сұрар жаңалығым бар! Биылғы Әзербайжан астанасына барған сапарымызда 1926 жылы Бүкілодақтық түркологтар құрылтайының бейнежазбасын алуға келіскен едік. Тарихи таспа тамыз айының аяғына таман қолыма тиді.Gullu Yologlu ханым Сізге мың алғыс!
Мұның ішінде алыстан түсірілген 1.28 секунд видеоны Ахаңа ұқсатып отырмыз. Ахметтануға зор еңбек сіңіріп жүрген Орынай Жұбай, Елдос Тоқтарбай сынды ғалымдар «отырған орны, киген киімі, келбеті бәрі-бәрі Ахаңа келеді» деп сеніммен айтып отыр. Күман болмас үшін тиісті орындарға құрылтайда түскен фотосымен қоса жіберіп, сурет пен бейнедегі кісінің ұқсастығын анықтап беруді сұраған едік. Олардан «толық зерттеу үшін көп уақыт керек. Түпнұсқа виедоның сапасы өте нашар. Әйтсе де, образно ұқсайды» деген жауап келді. Осы салада тәжірибесі бар-ау деген жандардың бәрінен осыған ұқсас жауап алдық. Ахаңдай алыптың бір сәттік видеосының өзі неге тұрады. Торғайдағы тойда сүйіншілеп, қалың елді көзайым қылмақ арманымыз бар еді. Әттең төтенше жағдай килігіп, ол жоспар орындалмады. Бүгінгі туған күнінде фб-парақшама салып отырмын. (Ескерту: бұған дейін Баку құрылтайының видеосынан Ахаңа ұқсайтын бір кісінің бейнесі болған. Бірақ анықтап қарасаң ол Ахаңның 1925-1926 жылдардағы түскен фотосымен сәйкеспейді. Еті қашып, қартайған кезіне ұқсайды, иегі де тым қушиып қалған. Ахаң 1926 жылы 54 жаста, етжеңді кезі екенін естеріңізге сала кеткен артық болмас.Ұйымдастырушылар: Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының тапсырысы бойынша "Sanaly urpaq-2050" ҚҚ. https://youtu.be/T6RtnTGd8pg
Taulik.kz