Жаңалықтар

Өзбекстан ОА-дағы ең қауіпсіз ел. Қазақстан қайда?

Өзбекстан ОА-дағы ең қауіпсіз ел. Қазақстан қайда?

Өзбекстан Global Peace Index рейтингі бойынша Орталық Азиядағы ең қауіпсіз ел деп танылды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты. 2022 жылғы мәліметтер бойынша, рейтингке енген 163 елдің ішінде Ауғанстан соңғы орында тұр. Орталық Азияның басқа елдері рейтингте: Түрікменстан – 104, Қазақстан – 97, Тәжікстан – 92, Қырғызстан – 91, Өзбекстан – 86. Айта кетейік, Исландия, Жаңа Зеландия және Ирландия рейтингтің алғашқы үштігіне жайғасты. Сарапшылар қорытынды индексті жасау үшін келесі көрсеткіштерді зерттеген: - ішкі және сыртқы қақтығыстар, олардың қарқындылығы және құрбандардың саны; - көрші елдермен қарым-қатынас; - халық арасындағы босқындардың үлесі; - азаматтар арасындағы сенімсіздік дәрежесі; - саяси тұрақсыздық және қоғамдық тәртіп; - саяси террор; - террористік шабуылдардың жиілігі; - 100 мың адамға шаққанда кісі өлтіру саны; - тұтқындардың саны; - ауыр қылмыстардың үлесі; - құқық қорғау органдары қызметкерлерінің саны; - ЖІӨ-дегі әскери шығындардың үлесі; - қаруды әкелу және әкету; - БҰҰ немесе басқа күштердің контингенттеріне қатысу; - атыс қаруының болуы және ауыр қарудың саны; - қарулы күштерді модернизациялау.

Taulik.kz