Тағы бес облыста өрт ошақтары пайда болды – Тоқаев
Тағы бес облыста өрт ошақтары пайда болды – Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысындағы өртті сөндіру жөніндегі жедел штаб отырысын өткізді, деп хабарлайды Taulik.kz сайты ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
«Қостанай облысында алапат өрт болып жатыр. Бұл жағдай тұрғындардың өмірі мен денсаулығына және елді мекендерге қауіп төндіреді. Өңірдің экономикасы мен табиғатына зор шығын келіп отыр. Өрт 4 аудан аумағына жайылды, тағы 5 облыста – Ақтөбе, Түркістан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақмолада өрт ошақтары пайда болып жатыр», - деді Тоқаев.Оның айтуынша, күннің ыстық болып, желдің күшеюі өртті одан әрі өршітті.
«Мәселенің аса күрделі екені түсінікті. Сондықтан Үкімет пен Президент Әкімшілігіне тиісті тапсырмалар бердім. Өртті тоқтату үшін қажетті шаралар қабылданды. Осыған орай, барлық ресурсты дереу жұмылдырдық. Қостанай облысына басқа аймақтардан техника мен қажетті мамандар уақытылы жеткізілді. Төтенше жағдай министрлігіне Ішкі істер және Қорғаныс министрліктері, Ұлттық ұлан көмекке келді. Бұл жұмысқа Орман шаруашылығы мен орман күзетінің жұмысшылары және теміржолшылар тартылды. Қазір төтенше жағдай бақылауға алынды. Өрт болған ауыл тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді», - деді Мемлекет басшысы.
Taulik.kz