Жаңалықтар

Арыстанбек Мұхамедиұлының өзіне қол салмақ болғаны рас па?

Арыстанбек Мұхамедиұлының өзіне қол салмақ болғаны рас па?

Әлеуметтік желіде Ұлттық мұражайдың директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының өзіне қол салмақ болғаны туралы ақпарат тарады. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Желідегі мәліметке сәйкес, тергеу изоляторында өзіне қол салған. Алайда қолының сіңірін жарақаттап, медициналық көмек көрсетілген. Ақпаратқа қатысты пікір білдірген комитет өкілдері мұны жоққа шығарды. Арыстанбек Мұхамедиұлының өзіне қол салғаны рас, алайда бұл 2022 жылдың мамырында уақытша ұстау изоляторында болған. Кейін ол ауруханаға жатқызылған.

Taulik.kz