Алматыда Қазақстан хирургтерінің ІІІ Съезі өтті
Алматыда Қазақстан хирургтерінің ІІІ Съезі өтті
2022 жылғы 2-3 қыркүйек аралығында Алматы қ. (Қазақстан) гибридтік режимде халықаралық «Хирургия және трансплантологияның өзекті мәселелері» атты Қазақстан хирургтерінің ІІІ Съезі өтті.
Съезд жұмысының салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Денсаулық сақтау министрі А. Ғиният (онлайн), ҚР ДСМ-нің вице-министрі В.Ю. Дудник, Алматы қ. әкімінің орынбасары Ә.Б. Нүсіпова және С.Д. Асфендияров ат. ҚазҰМУ ректоры М.Е. Шоранов қатысты.
Съезд жұмысының алғашқы күні пленарлық отырыс өтіп, «Гепатопанкреатобилиарлық хирургия» және «Асқазан-ішек жолдары және эндокринді ағзалар хирургиясы» секциясы бойынша баяндамалар тыңдалды.
Съездің жұмысына қатысқан спикерлер мен дәріскерлер - Жапония, Үндістан, Ресей, Беларусь, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Грузия және Қазақстанның ғылыми орталықтарынан және жоғары медицина оқу орындарының өкілдері.
Съезд барысында науқастарға көмек көрсетуді ұйымдастырудан бастап, хирургтердің күнделікті жұмысындағы көптеген өзекті мәселелерді, оның ішінде асқазан- ішек жолдары және эндокринді ағзалар хирургиясы ауруларын, сыни жағдайларды (шок, сепсис) диагностикалау және емдеуде бірыңғай тәсілдерді енгізу, гепатопанкреатобилиарлық аймақты емдеудің инновациялық технологиялары мен заманауи әдістері, сондай-ақ трансплантологиялық күрделі мәселелерге дейінгі сұрақтарды қамтитын кең ауқымды тақырыптар қарастырылды.
3 қыркүйек күні «Анестезиология және қарқынды терапия» және «Трансплантологияның өзекті мәселелері» секциялары жұмыс істеді. Сонымен қатар жас ғалымдардың постерлік баяндамалары Съезге қатысушылардың назарларына ұсынылды.
Ұйымдастыру комитетінің төрағасы, «А.Н. Сызғанов ат. ҰҒХО» АҚ Басқарма төрағасы Баймаханов Болатбек Бимендеұлы «Съезд ҚР-дағы шұғыл хирургия мәселелеріне назар аударту және халықаралық тәжірибені ескере отырып осы мәселелердің шешімін табу, бұл хирургиялық бейінді мамандарды сәтті интеграциялау және ынтымақтастықта еңбек етуге, мамандық бойынша дағдыларды меңгеруге және арттыруға, хирургтердің дайындығын жетілдіруге, үздіксіз медициналық білім беруді дамытуға, хирургтің біліктілігін объективті бағалау жүйесін қалыптастыруға ықпалын тигізеді» деген пікір білдірді.
Съезд жұмысы барысында бауыр, өңеш, эндокринді ағзалар хирургиясы, трансплантация және қарқынды терапия саласындағы жетекші мамандар өзара тәжірибе алмасып, кең спектрлі өзекті мәселелердің шешім перспективалары талқыланды.
Іс-шара аясында медициналық техника, дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар бойынша жетекші өндіруші фирмалардың көрмесі жұмыс істеді.
Taulik.kz