Қостанайда орман өрті тағы бір ауылға жетті
Қостанайда орман өрті тағы бір ауылға жетті
Қостанай облысы Әулиекөл ауданына қарасты Басаман ауылының маңында орман өртеніп жатыр. Бұл туралы облыс әкімдігі жанынан құрылған Ақпараттық штаб мәлімдеді, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.
«Ресми мәлімет бойынша, Басаман ауылының айналасындағы орман өртеніп жатыр. Тұрғындар Қазанбасы ауылының мектептеріне көшірілді. Оқиға орнында Ұлттық ұланның сарбаздары, еріктілер мен еді мекеннің тұрғындары жұмыс істеп жатыр. Ауыл маңындағы өртті сөндіру үшін 50 техника жұмылдырылды», - делінген хабарламада.
Taulik.kz