«Орыстарды неғұрлым көп өлтірсек...»: Украинаның Қазақстандағы елшісі шулы мәлімдемесі үшін кешірім сұрады
«Орыстарды неғұрлым көп өлтірсек...»: Украинаның Қазақстандағы елшісі шулы мәлімдемесі үшін кешірім сұрады
Украинаның Қазақстандағы елшісі Петр Врублевский Ресейге қатысты шулы мәлімдемесі үшін Қазақстаннан кешірім сұрады, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
«Өздеріңіз білесіздер, біз Украина елшісін шақырып, оның мәлімдемесіне наразылығымызды білдірдік. Ол кешірім сұрады. Айтуынша, «өз үйінде соғыс болып жатқаны үшін мұны эмоциямен айтып қалған», - деді Смадияров.Айта кетейік, жуырда украиналық дипломат Петр Врублевский тіл патрулін ұйымдастырушы Диас Құзайырға берген сұхбатында «орыстарды неғұрлым көп өлтірсек, балаларымыздың қолы қанға соғұрлым азырақ малынады» деген болатын.
Taulik.kz