Қостанайдағы өртке оранған 43 мың га жер қанша уақытта қалыпқа келеді?
Қостанайдағы өртке оранған 43 мың га жер қанша уақытта қалыпқа келеді?
Қостанай облысында 2 қыркүйекте басталған орман өрті кейін басқа жерлерге жайылып, жалын 43 мың гектар аумақты шарпыды. Ол қанша уақытта қалыпқа келеді? Бұл туралы эколог Азаматхан Әміртай Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.
«Өртенген орман алқаптарын қалпына келтіру – үлкен жұмыс. Егер қаражат салып, оны дұрыстап жасаса, 5-8 жылда қалыпқа келтіруге болады. Өйткені ағаш өсу керек, гүлденіп шығу керек. Жаңадан ағаш отырғызу үшін жерді қайтадан дайындау өте маңызды. Ол 1-2 жылдай уақыт алады. Сонымен қатар ағашты отырғызу үшін питомниктер керек. Ондай ауқымда Қостанай өңірінде питомник жоқ. Питомниктер дайындау керек, ағаштың түрлерін жасау қажет», – деді ол.
Taulik.kz