Жаңалықтар

Төтенше жағдай қызметі неліктен бір жерде мәселе туындағанда ғана реакция береді?

Төтенше жағдай қызметі неліктен бір жерде мәселе туындағанда ғана реакция береді?

Эколог Азаматхан Әміртай Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында төтенше жағдай қызметінің, өрт сөндірушілердің Қостанайдағы өрт кезіндегі жұмысына көңілі толмайтынын айтты, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.
«Бізде Төтенше жағдай қызметі неліктен бір жерде мәселе туындаған кезде ғана реакция береді. Ал алдына ала ондай жағдай болуы мүмкін деген болжам жасайтын орталықтар жоқ. Орман-тоғайларда өрт әр уақытта болады. Олар неліктен алдын ала осындай жағдайға дайындалмады? Бізде тікұшақтар, арнайы техникалар жетіспейді. Егер бір минут кешігетін болса, өрт жалғаса береді. Сондықтан ол жерде әр уақыт, тіпті, әр минут үлкен рөл атқарады. Бұл жерде ТЖМ баяу жұмыс істегенінің себебінен, осыншама жерден айырылып отырмыз. Бұл тікелей – солардың кінәсі. ТЖМ тез қимылдайтын, жылдам жұмыс істейтін мекеме болуы керек. Олар әр уақытта болжам жасап отыруы керек. Ал оларда сараптама жоқ», – деді эколог.

Taulik.kz