Жаңалықтар

Ninety one тобы: Қостанайдағы өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетеміз

Ninety one тобы: Қостанайдағы өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетеміз

Әйгілі “Ninety one” тобы Қостанай халқына көмек көрсететінлерін мәлімдеді, деп хабарлайды Taulik.kz. Өз инстаграм аккаунттарында әсерлі пост жариялады.
“Қостанай облысындағы жағдай бізді де алаңдатты… Расымен, осы уақытқа дейін өзге елдерде болған өртті естіп, алаңдаушы едік, “әлем халқы аман болсын” деуші едік. Ал өз елімізде осындай жағдай орын алғанда, мұның қаншалықты қиын екенін екі есе түсіндік. Қазір тілсіз жаудан зардап шеккендерге жан-жақтан көмек көрсетіліп жатыр. Көрсетілуі тиіс те. Осындайда ел болып, бірлігімізді көрсетуіміз керек. Біз, Ninety One тобы, сіздермен біргеміз! Өз ұжымымыздың атынан Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккен тұрғындарға қаржылай көмек көрсетеміз”,- деп жазды топ.

Taulik.kz