Жаңалықтар

Тоқаевтың Жолдауы: балалардың арнайы есепшотына ақша қашан түсе бастайды?

Тоқаевтың Жолдауы: балалардың арнайы есепшотына ақша қашан түсе бастайды?

Үкімет Мемлекет басшысының 1 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында жариялаған тапсырмаларын орындау жөніндегі Ұлттық іс-шаралар жоспарын бекітті, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Үкімет отырысында жоспардың егжей-тегжейін ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтып берді. Оның айтуынша, коммуналдық кәсіпорындардың инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында монополиялық және олигополиялық нарықтарды қоспағанда, бағалар мен тарифтерді мемлекеттік реттеуден кезең-кезеңімен бас тарту жөнінде ұсыныстар әзірленеді. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап балалардың арнайы жинақтаушы шоттарына Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық кірісінің 50 пайыз мерзімінен бұрын алу құқығынсыз, кейіннен оларды тұрғын үй сатып алуға және білім алуға пайдалану мүмкіндігімен аударуды көздейтін «Ұлттық қор – балаларға» жобасын іске қосу жоспарланған.
«Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі Ұлттық іс-шаралар жоспарының ұсынылған жобасы Мемлекет басшысы алға қойған барлық міндетті қамтиды. Барлық мемлекеттік органдар мен әкімдіктер оны жүзеге асыруға дереу кірісуі керек. Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары жоспардағы іс-шаралардың сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз етуі тиіс», - деді премьер-министр Әлихан Смайылов.

Taulik.kz