Алматыда пәтер таба алмаған студенттің жыры
Алматыда пәтер таба алмаған студенттің жыры
Алматыда студенттер үйсіз қаңғып жүр деген ақпарат БАҚ-та кеңінен таралып кетті. Рамазан Тезекбай атты Facebook қолданушысы Алматыдағы пәтерлердің қымбаттап кеткенін, студенттердің метрода түнеп жүргенін өлең шумақтарымен жеткізді, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.
«Балмұздақ
Кеттім мен де, Есеновті қате деп,
Енді маған кім пәтерді әперед?
Өз әкеме жүгіргендей «әкелеп»,
Орыстарға жетіп бардым «тәтелеп».
Еске алады енді жастар тобасын,
Бір тәтеміз: «100 мың» – дейді моласын.
«Студентам не сдаем» – деп шіреніп,
320 мың сұрайды қора үшін.
Қызға беред, бермесе де балаға.
Сонда бала метрода қала ма?
Біздің елдің болашағы жастар ғой.
Болашақты түнетпеңдер далаға!
«Босқындар» көп Алматыдай қалада,
Итбалықтай шығып қалған жағаға.
Берем дейді, үйсіз қалса егер де,
Өзі жалдап тұра алмайтын бағаға.
Жайғаса ма өзге орынға жат елік,
Қуантатын жан бар ма үй әперіп?
Абаяға тігем бе деп ойлаймын,
Қарт әжемнің киіз үйін әкеліп», – деп жазды ол.
Taulik.kz