«Қосанов айтқанынан қайтпаса, елде азаматтық соғыс болар еді»
«Қосанов айтқанынан қайтпаса, елде азаматтық соғыс болар еді»
Дидар Бегалиев атты Facebook қолданушысы парақшасында Әміржан Қосанов туралы айтылған әңгімелерге қарсылық білдірген жазба жариялады, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.
«Олай мазақ етудің қажеті қанша? Қосанов рөл ойнаған жоқ! Қосанов мәжбүр болды. Егер ол айтқанынан қайтпаса, азаматтық соғыс болар еді, мемлекет болуымыз неғайбыл еді. Осыны ескеру керек! Билікке заңды түрде орныққан Тоқаевтың өзі Қаңтар оқиғасын бастан өткерді! ОДБК-дан көмек сұрап, тұрақтылық сақталып қалмағанда, түнде жортатын шибөрілер сау-тамтығын қалдырмай, талап жер еді мемлекет пен Отан байлығын тонағандай! Әміржан Қосанов туралы әңгіме айтқыларыңыз келе ме, онда тікелей эфирде дебатқа шығыңыздар! Болмаса, білте шамға керосин құймай тыныш отырайық! Алдымен сауат жағынан, білім, ой-өріс жағынан алға шығайық!» - деп жазды ол.
Taulik.kz