Жаңалықтар

«Оқушыларды соғысты мақтан тұтуға үйретіңіз»: Ресей мектептерінде соғысты дәріптеп жатыр ма?

«Оқушыларды соғысты мақтан тұтуға үйретіңіз»: Ресей мектептерінде соғысты дәріптеп жатыр ма?

5 қыркүйекте Ресей мектептерінде «маңызды әңгіме» басталды. Бұл – мұғалімдер «арнайы әскери операция» және «ұжымдық Батыс» туралы айтуы керек тақырыптық сынып сағаттарының циклы. Балаларын осы сабақтардан қорғауға тырысқан ата-аналар құқық қорғаушылар мен «Медиазона» басылымына жүгінді, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.
«Жұма күні баламның сынып жетекшісіне қоңырау шалып: «балам бұл сабақтарға бармайды, бұл – сынып сағаты, оған қатысу міндетті емес қой дедім», – дейді Петрозаводск тұрғыны Анастасия Лукина.
Оның ұлы университет лицейінің жетінші сыныбында оқиды. Ол – рейтинг бойынша қаладағы ең жақсы мектептердің бірі. Мұғалім жаңа сабақтарға қатысудан бас тарту мүмкін емес екенін айтты. Өйткені олар «бөлек есеп» болып табылады. Сонымен қатар ол Анастасияға бұл мәселені мектеп директорымен шешуді ұсынады.
«Ал дүйсенбі күні сабақ басталар алдында директор маған қоңырау шалып: «Сіз дұрыс түсінбеген шығарсыз. Бұл сабақтардың ешқандай зияны жоқ. Мектепте ешқандай саясат жасамаймын», – деді. Мен үндемедім, бірақ содан кейін директор айқайға көшті. Ол айқайлап: «Өзіңізді осындағы ең ерекше адам санайсыз ба? Егер конфликтіні қаласаңыз, жеке делоңызды жинап, өзіңізге жіберемін, қалаған жеріңізге барып оқыңыз!» – деді. Мен оған бұлай сөйлеспейміз деп жауап бердім және сол күні ұлымның бұл сынып сағаттарына қатыспайтыны туралы директордың атына тіркелген арнайы хат жібердім», – дейді ол.
Білім министрлігі шілде айында Ресей мектептерінде Ұлттық қауіпсіздік стратегиясында бекітілген «Ресей қоғамының құндылықтары» туралы сынып сағаттары пайда болатынын хабарлады. Бұл сабақ 1-11 сынып оқушыларына дүйсенбі күніне жоспарланған – дәл осы күні оқушылар сабақ басталар алдында ту көтеріп, әнұран шырқайды. Патриоттық сабақтарды дамытумен РАО білім беруді дамыту стратегиясы институты айналысты және бұл жоба үшін мемлекеттің бюджетінен 22 миллион рубль жұмсалды. Алайда мұғалімдерге бір жылдағы 34 сағат қосымша жүктеме үшін ақы төлеу жоспарланбағаны белгілі болды.  width= Бастапқыда жоба сайтында әртүрлі сыныптардағы сабақтарға арналған барлық әдістемелік материалдар қолжетімді болған. Алайда 5 қыркүйекте «Можем объяснить» телеграм-арнасы 12 қыркүйектен бастап барлық материалдар сайттан жоғалып кеткенін байқады (олар тікелей сілтемелер арқылы ғана қолжетімді болып қалды). Бір аптадан кейін мектептерде «Біздің Отанымыз – Ресей» деп аталатын сынып сағаттары жоспарланған, онда балаларға 24 ақпанда басталған соғыстың мақсаты – «Киев режимінен қысым көрген Донбасс халқын қорғау», «Украинаны қарусыздандыру» және «НАТО-ның әскери базаларын оның аумағына орналастыруға жол бермеу» туралы айтылады. Бастауыш сынып оқушыларына арналған мәтіндерге сүйенсек, ол жерде Украинадағы соғыс туралы тікелей айтылмайды. 3-4 сынып оқушыларының мұғалімдеріне алдымен олармен Ресейге деген махаббат туралы сөйлесуді, кейін «Отан неден басталады» әнін тыңдауды, содан кейін жұптасып жұмыс істеп, «Отанды сүю – Отанға қызмет ету» мақалының қандай мағына білдіретінін түсіндіруді ұсынады. «Арнайы әскери операция» термині бесінші сынып оқушыларына арналған оқулықтарда пайда бола бастайды. Мектеп оқушыларына Путиннің 24 ақпандағы сөзі, шабуылдың мақсаттары туралы айтылады және «ұжымдық Батыс операцияның құрбандарының санын көбейтіп, күресті кешіктіреді» деп түсіндіреді. Сабақты орыс сарбаздарының «ерліктері» туралы айтып аяқтау керек. «Мұғалімдер Альянсы» кәсіподағы мектеп оқушыларының ата-аналарына: «маңызды әңгіме» сабағы міндетті емес қосымша сабақ, яғни оларға бармауға болады» деген жазба дайындады. Кәсіподақ белсенділері мектептердегі кез келген саяси қызметке тыйым салатын «білім туралы Заңның» 48-бабы негізінде сынып сағаттарынан бас тартуға болатындығын еске салады. Ұйымның телеграм-арнасында сабақтан бас тарту туралы өтініш үлгісі жарияланды.
«Мұғалімдер альянсына» күн сайын балаларын «патриоттық сабақтарға» жібергісі келмейтін ата-аналардан 30-50 хабарлама келеді. «Мектепте бұны міндетті пән деп айтты. Бұл рас па?» деген мәтіндегі хаттар көп. Сонымен қатар мұғалімдер студенттер мен ата-аналарға қысым жасауға мәжбүр деп санамаймын», – дейді кәсіподақ төрағасы Даниил Кен.
Кен «Медиазонаға» кәсіподаққа келіп түскен хаттардың скриншоттарын көрсетті. Олардың көбі мектеп әкімшілігінің қысымына қатысты екен. Кәсіподаққа жүгінген аналардың бірі ата-аналардың чатына «жаңа білім беру саясатымен келіспеу туралы» өтініш үлгісін жібергенін, содан кейін оны мектеп директоры сөйлесуге шақырғанын айтты. Бірақ әйел кездесуден бас тартқан.  width=
«Ұлым алтыншы сыныпта оқиды. Сынып жетекшісіне баламның сабаққа бармайтыны туралы жазып жібердім. Ол маған қоңырау шалып айқайлады, бұл міндетті пән деп өтірік айтты, директорды айтып қорқытты. Өзім теледидардағы өтірікті өте ауыр қабылдаймын. Ұлымның үйге келіп, маған «Донбассты қорғау» туралы айтқанын қаламаймын», – дейді өтініш білдірушілердің бірі.
«Мұғалімдер альянсына» келіп түскен хабарламаларға қарағанда педагогтарға да қысым жасалған.
«Директор педагогикалық кеңесте оларды педагогтың балалардың моральдық-адамгершілік тәрбиесіне қосқан үлесі ретінде ұсынуға тырысты. «Мұғалім балаларға тәрбие бермей, тек білім бере бастағаннан бері бәрі нашар болды, енді оны қалпына келтіру керек. Бірақ іс жүзінде мұның бәрі үлкен оксиморонға айналды. Балаларға әртүрлі пікірлер айтуға мүмкіндік беру керек, бірақ мақұлданғандарын ғана. Ситуация туралы үкіметтік ұстаныммен ғана айтып беріңіз. Балаларға мейірімділік пен адамгершілікті үйретіңіздер, бірақ олар соғысты мақтан тұтатын болсын» деді», – деп жазады Алтайдан келген мұғалім кәсіподаққа.

Taulik.kz