Димаш Құдайберген Қостанай халқына қолдау білдірді
Димаш Құдайберген Қостанай халқына қолдау білдірді
Димаш Құдайберген Қостанайда өрттен зардап шеккен отбасыларға қолдан келгенше қолдау білдіруге уәде берді. Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.
«Қостанайдағы жағдай барлығымыздың қабырғамызды қайыстырды... Еліміз аман болсыншы. Осы залалдан зардап шегіп жатқан ағайындарға қолдан келгенше көмектесуге дайынмын. Бірлігімізді дәлелдеп, бауырларымызға қол ұшын беруге ат салысайық, жігіттер!» - деп жазды ол.
Taulik.kz