137 талапкер білім грантынан айырылды
137 талапкер білім грантынан айырылды
ҰБТ кезінде жасалған видеожазбаларды тексергеннен кейін биыл грантқа ілінген 137 талапкердің ҰБТ нәтижесі жойылды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев мәлім етті, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.
«ҰБТ-2022 аяқталды, бірақ оның бейнежазбаларын тексеру әлі де жалғасып жатыр! Қазір бейнежазбаларды қайта қарау қорытындысы бойынша, 153 тестіленушінің ҰБТ нәтижесі жойылды, олардың 137-сі білім беру грантының иегері болған еді», – деп жазды ол.Оның сөзінше, 137 талапкердің бәрінің грант туралы куәліктері жарамсыз деп танылған. Сонымен қатар олқылыққа жол берген ҰТО қызметкерлерінің үстінен тексеріс жүргізіліп, тиісті мемлекеттік органдарға хаттар жолданып жатыр.
Taulik.kz