Алматы тауларындағы өрт Көк-Төбеге дейін жетті
Алматы тауларындағы өрт Көк-Төбеге дейін жетті
Алматыда Көк-Төбе баурайы өртеніп жатыр. Бұған дейін күні бойы таулардағы оттың таралуы сөндірілген еді, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.
ТЖД мәліметінше, Кеңсай тауының баурайындағы бірнеше учаскеде өрт 18:43-те толығымен ауыздықталды.
Желдің екпіні күшті болғандықтан, өрт сөндірушілердің жұмыстары қиындаған.
Айта кетейік, Кенсай зиратының жанында өрт сөндірілді, қабірлер зардап шеккен жоқ.
Енді қала тұрғындары Көк-Төбе мұнарасының жанындағы өрт туралы хабарлап, оның тұрғын үйлерге жақындап қалғанын айтып отыр.
Taulik.kz