Қазақстандықтардың қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын екені белгілі болды
Қазақстандықтардың қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын екені белгілі болды
Қазақстандықтар күтетін орташа жалақы 260 мың теңгені құрайды. Мұндай мәліметтер HeadHunter.kz сайтында осы жылдың тамыз айының қорытындысы бойынша келтірілген. Бұл – жұмыс іздеу және қызметкерлерді іріктеудің ресми сайты, деп хабарлайды Taulik.kz сайты 24.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл ретте жұмыс іздеушілер үшін жақсы әлеуметтік пакет пен жұмыстағы тұрақтылық та маңызды. Оларға медициналық сақтандыру, корпоративті психолог және спортзалға ақы төленуі керек.
Мақалада айтылғандай, пандемия адамдардың өмір салтына біршама өзгеріс енгізді. Алайда мұндай еңбек жағдайлары әр компанияда бола бермейді. Бұл көбіне - қазақстандық және халықаралық ірі кәсіпорындарда кездеседі. Мұндай бос жұмыс орындары үшін бәсекелестік өте жоғары: бір позицияға шамамен алты-сегіз адамды құрайды.
Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыз.
Taulik.kz