Жаңалықтар

Степнагорскіде 2 адамды өлтіріп кеткені туралы ақпарат рас па?

Степнагорскіде 2 адамды өлтіріп кеткені туралы ақпарат рас па?

Өткен демалыс күндері WhatsApp қосымшасы арқылы Степнагорск тұрғындары арасында  қала аумағында екі адамның өлтірілгені туралы хабарлама тарады. Ақмола облысы Полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Taulik.kz сайты halyq-uni.kz-ке сілтеме жасап. Белгілі болғандай, бұл ақпарат жалған болып шықты.
«Ақмола облысы Полиция департаменті бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлады. Степногрскте және жақын маңдағы елді мекендерде ауыр және аса ауыр қылмыстар қазіргі уақытта тіркелген жоқ», – деп хабарлады ведомство.
Полицейлер Ақмола облысы тұрғындарын тек ресми мәліметке сенуге, шындыққа жанаспайтын ақпарат таратпауға шақырады. Тәртіп сақшылары көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қолданыстағы заңнамада қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

Taulik.kz