Жаңалықтар

Министрліктер үйінің жанында бір адам өзін өртемек болды (видео)

Министрліктер үйінің жанында бір адам өзін өртемек болды (видео)

Нұр-Сұлтан қаласы, Министрліктер үйінің жанында ер адам өзін өртемек болды. Оның бұл әрекетін қалалық ПД-ның жедел басқару орталығындағы қызметкерлер бейнебақылау камералары арқылы байқап қалған, деп хабарлайды Taulik.kz сайты. Өзін-өзі өртемек болған 37 жастағы азаматтың Семей қаласында шығарылған сот шешімімен келіспейтіні анықталды. Полиция оқиғаның алдын алды. Оған медициналық көмек көрсетілді. Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыз.

Taulik.kz