Жаңалықтар

Полиция күдіктіні ұстады: Көк-Төбеге қасақана өрт қойылды ма?

Полиция күдіктіні ұстады: Көк-Төбеге қасақана өрт қойылды ма?

Алматы полициясы Көк-Төбеде ағаштарды өртеген күдікті адамды іздеп жатыр, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Ulysmedia басылымына сілтеме жасап. Желіде белгісіз ер адамның әрекетінің видеосы пайда болды. Видеоны көрген алматылықтар өртті әлдебіреулер қасақана қойғанына сенімді. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, олар Көк-Төбе маңындағы елсіз жерде әлдебір дыбыс шыққан. Одан соң ит үріп, артынша құрғақ шөптер мен сарай өртенген.
«Видеодағы жер анықталды. Қазіргі таңда полиция тексеруде. Қала бейнеқабылауының деректері қаралады. Аталған әрекеттерді жасаған адам анықталды», – делінген полиция хабарламасында.

Taulik.kz