Жаңалықтар

Депутаттар Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мерекелер тізімінен алып тастауды ұсынды

Депутаттар Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мерекелер тізімінен алып тастауды ұсынды

Мәжіліс депутаттары Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мереке мәртебесінен айыруды ұсынып отыр, деп хабарлайды Taulik.kz сайты. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография және мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында осындай тармақ бар. Ол 7 қыркүйекте Мәжілістің отырысында қаралады.
«1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнін мерекелеуді мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс айту күні сияқты атаулы күндерге және мемлекеттік мерекелерден алып тастап, әлеуметтік маңызы жоғары әлеуеті жоғары басқа да даталарға ұқсас етіп белгілеу ұсынылады», - делінген заң жобасында.

Taulik.kz