Қостанайдағы өрт толық сөндірілді
Қостанайдағы өрт толық сөндірілді
Қостанай облысындағы өрт толық сөндірілді. Бұл туралы ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Дмитрий Титов мәлім етті, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.
Оның айтуынша, облыстағы өрт 43 мың гектардан астам аумақты шарпыған.
«Өрт салдарынан 191 үй өртеніп кетті, 2 мыңнан аса адам эвакуацияланды. Бүгінде олардың барлығы өз үйлеріне оралды. Өрт болған жерде бір адамның денесі табылды. Бүгін түскі сағат 3-тегі мәліметке сәйкес, өрт сөндірілді», - деді Дмитрий Титов.
Taulik.kz