Қазақстанның әр өңіріндегі өрттің қасақана жасалғаны рас па?
Қазақстанның әр өңіріндегі өрттің қасақана жасалғаны рас па?
Қазақстанның әр өңірінде шыққан өрттің қасақана жағдайлары анықталған жоқ. Өрттің шығу себептерін ТЖМ мен ІІМ тексеріп жатыр. Бұл туралы ҚР ТЖМ өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Дмитрий Титов айтты, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.
«Болған барлық жағдайлар бойынша ТЖМ және ІІМ қызметкерлері тексеріс жүргізіп жатыр. Егер біз кінәлілерді анықтасақ, оларды жауапкершілікке тартамыз. Сондай-ақ қасақана өрт қою жағдайлары туралы бізде ақпарат жоқ», – деді ол.Оның айтуынша, мамандар Қостанай облысындағы өрттің себептерін анықтап жатыр. Негізгі себеп өрт қауіпсіздігі шараларын сақтамау болып тұр.
Taulik.kz