Жаңалықтар

8 қабаттан құлаған 2 жасар сәби көз жұмды

8 қабаттан құлаған 2 жасар сәби көз жұмды

Павлодарда сегізінші қабаттың терезесінен құлап кеткен екі жасар бала көз жұмды. Ауыр жарақаттардың салдарынан нәрестенің жүрегі тоқтап қалды, деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
6 қыркүйек күні Павлодарда 2 жас 7 айлық бала үйдің сегізінші қабатының терезесінен құлап кетті. Жедел жәрдем сағат 11:17-де шақырылды. Төрт минуттан кейін жедел жәрдем үйдің кіреберісінде болды. Шұғыл көмек көрсетілгеннен кейін ауыр жарақат алған бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
"Баланың жарақаты өте ауыр болды. Оның бас сүйегі мен миына ғана емес, ішкі ағзаларына зақым келген, қан тамырлары, өкпесі жарылған", - дейді облыстық балалар ауруханасы директорының орынбасары Ирина Орсагош.
Taulik.kz