Жаңалықтар

Әлемдегі 3 миллиардқа жуық әйел интернет желісіне тіркелмеген

Әлемдегі 3 миллиардқа жуық әйел интернет желісіне тіркелмеген

Дамыған елдердегі әрбір бес әйелдің төртеуі әлі де интернет желісіне тіркелмеген, деп хабарлайды Taulik.kz.

Бүгінде 2,9 миллиард адам интернетке қол жеткізе алмауда. Олар негізінен дамушы елдерден келген әйелдер. Бұл туралы Politico материалында айтылады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының ақпараттық-коммуникациялық технологиялар агенттігі Халықаралық электрбайланыс одағы (ХЭО) өткен жылы жариялаған деректерде интернетті пайдаланудың жаһандық өсімін анық көрсеткен болатын.

2021 жылы интернетті пайдаланатын адамдардың болжамды саны 4,9 миллиардқа дейін өсті (2019 жылы 4,1 миллиардтан жоғары).

Taulik.kz