Алматыда өрт қойып жүрген адам өрт сөндіруші болып шықты (видео)
Алматыда өрт қойып жүрген адам өрт сөндіруші болып шықты (видео)
7 қыркүйек күні YouTube желісіндегі «Бәсе» каналында «МЧС поджигает Казахстан. Установлена личность поджигателя из Алматы» тақырыбымен видео орналастырылған. Бейнероликте өртті ұйымдастырғанның бірі өртке қарсы қызмет қызметкері Жанат Өтеулиев екені айтылған, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Айқын басылымына сілтеме жасап.
«Бейнероликте көрсетілген азамат Алматы қаласы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкері, аға өрт сөндіруші, азаматтық қорғау сержанты, 1983 жылы туған Жанат Ерғалиұлы Өтеулиев. Ол азаматтық қорғау органдарында 2008 жылдан бастап қызмет атқарады», – делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.Оны Алматы облысы Жамбыл ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері ұстап алған, ол Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 1-бөлімі 440-бабы және 1-бөлімі 505-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. https://www.youtube.com/watch?v=zkNiR_Y5MPM