Алаяққа алданған қыздың мәселесін полиция неге қарамай отыр?
Алаяққа алданған қыздың мәселесін полиция неге қарамай отыр?
Алаяққа алданған Анар Гиззатова Әуезов полиция басқармасына көңілі толмайтынын, полициядан бұрын өзі барып қылмыскердің туысымен жолыққанын өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.
«Арызды жазған соң неге жауапсыз қалдырасыздар! 45 бап бойынша табылмады деп оп-оңай жаба саласыздар ма істі?! Мен Анар, бірінші рет осылай алаяққа алданып отырмын. Оның барлық мекенжай, алдаған аудиотаспаларын, квитанцияға дейін көрсетіп, біздің полиция жұмыс істейді, халыққа қызмет көрсету орталығы елдің әкесіндей қамқор, ақшамды қайтармаса да, сол алаяқтың келесі адамдарды алдамауына себепкер болады деп қатты үміттендім! Оны ешкім ұстай алмаса, далада еркін жүрсе, әділдік және заң не үшін керек бізге? Мені ғана емес, біраз адамды алдаған», – деп жазды ол.Оның айтуынша, жәбірленуші полициядан бұрын өзі барып Талғар қалашығынан ары асып туысымен жолыққан.
«Мен өз күнімді өзім көріп жүрген жас қыздан еңгезердей қырықтағы еркек нәпақасын иеленіп алу ол қандай сұраусыз қала беретін жағдаятқа саядының күйін кешу керек пе? 10 тамыз күні Әуезов полиция басқармасына бардым. Маған талон да берілген жоқ. Іші деген айқай-шу. Халық разы емес. 1414-тен белгі де келмеген соң, 15 тамыз онлайн түрде ncalayer qamqorqov полиция сайтында арыз қалдырдым. Бірден маған хабарласып, 1414 смс, ЕРДР шықты. Хаттағы тергеушіні аты-жөнімен өзім іздеп тауып алдым. Ешқайсысы менімен байланыста болмауы себепті, өзім сан мәрте сол РОВД есігін тоздырдым», – дейді ол.Анар Гиззатоваға кеше іс тоқтатылды деген хат келген. Ол тергеушілердің өзінің арызы бойынша жұмыс істеуін сұрап отыр.
«Миллиондаған ақша болмаса да, алаяқтың емін-еркін жүруі менің де өмір қауіпсіздігіме әсерін тигізеді. Өз жазасын алса екен. Қызметтік міндетті атқаруда адалдық танытып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін, халық арасында сақтық жұмысын жүргізетін, азаматтардың тыныштығын, заңдылық пен құқық тәртібін қорғайтын білікті маман ретінде, еліміздің қорғандары – полиция қызметкерлеріне деген сенімімді өшірмеңіздерші!» – деп жазды ол.
Taulik.kz