Қыздардың телефонын сұрап алып, ломбардқа өткізіп жіберген алаяқ ұсталды
Қыздардың телефонын сұрап алып, ломбардқа өткізіп жіберген алаяқ ұсталды
Алматыда сайт арқылы қыздармен танысып, оларды алдаған жігіт ұсталды. Бұл туралы Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Данияр Меңдебаев мәлімдеді, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Ол серіктерімен құпия әңгіме бастайды. Бір кезде жаңа танысы түрлі сылтаулармен олардан қоңырау шалу үшін ұялы телефондарын сұрап, қашып кетеді. Алданған қыздар ер адам ұялы телефонды қайтарып беретін шығар деп абдырап тұрғанда ол ұялы телефонды ломбардқа өткізген. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде біздің бөлімше қызметкерлері күдіктіні анықтады. ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша жүргізіліп жатқан тергеудің қазіргі кезеңінде осыған ұқсас 2 эпизод анықталды», – деді ол.Тергеу дәлелдемелік негізде жұмыс істеп жатыр. Алданғандар көп болуы мүмкін.
Taulik.kz