Кей діншілдер әр өңірдегі өртке жаңа мешітке тіл тигізгендерді кінәлап отыр
Кей діншілдер әр өңірдегі өртке жаңа мешітке тіл тигізгендерді кінәлап отыр
Еліміздің әр аймағында болып жатқан өрт оқиғаларына кей оқырман жуырда Елордада ашылған мешіт туралы теріс пікір жазғандарды айыптап отыр. Бұл туралы Ерсейіт Әлімов Facebook желісіндегі парақшасында жазады, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.
«Құдайдың қалауынсыз қурай да сынбайды деген сөзді еш ұмытпаңыздар! Өткенде мешітке халықтың тілі тиіп еді, бүгін күнде халыққа өрт тиіп жатыр. Еш мойындамаңдар! Басқа пәле келмейді, Алла жазбайынша. Алла пәле жазбайды, Адам азбайынша. Мәләнә Руми», – деп жазды ол.
Taulik.kz