Жаңалықтар

Навальный адвокаттық құпия құқығынан айырылғанын айтты

Навальный адвокаттық құпия құқығынан айырылғанын айтты

Алексей Навальный Владимир облысындағы №6 қатаң режимдегі колонияның әкімшілігі оны іс жүзінде адвокаттық құпия құқығынан айырғанын айтты, деп хабарлайды Taulik.kz сайты. Қазір Навальный төртінші рет айыптау изоляторында отыр. Бейсенбі күні оның әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жазба пайда болды. Онда ол комиссияның осындай шешім шығарғанын жазған.
«Олар мені қазір камерадан комиссияға апарды. Биліктің айтуынша, мен қылмыстық іспен айналысуды тоқтатпай, тікелей бас бостандығынан айыру орындарынан қылмыс жасағаным анықталған. Ал серіктестеріммен адвокаттар арқылы сөйлесіппін. Сондықтан адвокаттық құпияны жойды», – делінген жазбада.
Енді барлық адвокаттық құжаттарды тексеру үш күнге созылады. Алайда Федералды жазаны орындау қызметі оның мәлімдемесіне түсініктеме берген жоқ. Айта кетейік, Навальный қатаң режимдегі колонияда болса да үнемі өзі туралы, саяси оқиғалар туралы желіде жазып отырады. Оның хабарламаларын адвокаттар тарататыны белгілі болды.

Taulik.kz