Жаңалықтар

Ким Чен Ынға, елге қауіп төнсе, ядролық қару пайдалануға құқық берілді

Ким Чен Ынға, елге қауіп төнсе, ядролық қару пайдалануға құқық берілді

КХДР ядролық мемлекет екенін заңнамалық түрде тіркеді. Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын ядролық қаруды қолданудың жалғыз құқығына ие, деп хабарлайды Taulik.kz сайты. КХДР «Ядролық қаруға қатысты саясат» атты құжатты 7 қыркүйекте Жоғарғы Халық жиналысының 14-ші шақырылымында қабылдады. Заң бойынша Пхеньянға елге қауіп төнген жағдайда, жауға алдын-ала ядролық соққы беру құқығы берілді. Сондай-ақ Ким Чен Ынға шабуыл жасалған жағдайда, ядролық соққы жасалуы мүмкін. Айта кетейік, ядролық қару «сыртқы агрессияға қарсы төтенше шара ретінде қолданылады» және Солтүстік Кореяның оны бірінші болып қолданбайтыны айтылды.

Taulik.kz