Стақанның бірін таңдап, шынайы мінезіңіздің қандай екенін біліңіз
Стақанның бірін таңдап, шынайы мінезіңіздің қандай екенін біліңіз
Өзіңізге ұнаған стақанды таңдап, сипаттаманы оқыңыз. 2-3 стақанды таңдауға болады.
- Үнемі көңілді жүретін жансыз. Адамдармен тез араласып кетесіз. Басқалардың тек жақсылығын көресіз. Сізге қызықты фильмдер көріп, әңгіме-дүкен құрған ұнайды. Жақын адамыңызбен өткізген уақытты бағалы деп есептейсіз.
- Санға қарағанда сапаны жоғары қоясыз. Айналаңыздағы адамдар сізді өзіне сенімді деп ойлайды, алайда іштей сенімсіз жүресіз. Ақылды, парасатты жансыз, барлығын бақылауда ұстайсыз. Өзгелерге шабыт беретін әңгіме айтқанды ұнатасыз.
- Өзгелерге пайдаңызды тигізуді ойлап тұрасыз. Жеке өміріңізде тепе-теңдікті табуыңыз қиын. Барлығын назарда ұстағыңыз келеді, алайда қолыңыздан келер емес.
- Үнемі бір жаққа асығып жүресіз. Оңашада ойлануды ұнатпайсыз. Сондықтан үнемі айналысатын бір нәрсе тауып аласыз. Шабыт беретін адамдармен жиі араласыңыз және әлемнің рахатын сезінуге уақыт бөліңіз.
- Ақылды әрі мейірімді адамсыз, бірақ сізге өмірде эмоциялар жетіспейді. Болашаққа нақты қандай мақсатыңыз бар екенін білмейсіз. Өмірді сүйесіз, демалысты жақсы көресіз. Сол себепті енді қадір-қасиетіңізді арттыруға жұмыс істеңіз.
- Сіз еңбекқор жансыз. Сезімдеріңізді сыртқа шығаруды ұнатпайсыз. Әлемді өзгерте алатыныңызға сеніміңіз мол. Сізбен араласқан адамдар бойыңыздағы қарапайымдылықты жоғары бағалайды.
- Сіз уайымшылсыз. Сондықтан өмірдің тосын сыйларына жолықпас үшін, барлығын алдын ала жоспарлап қоясыз. Ауырдың астымен, жеңілдің үстімен жүресіз. Қызығушылықтарыңыз бен армандарыңыздың артынан ілесуге жүрексінбеңіз.
- Жаңа идеяға бай, жұмбақ жансыз. Интроверсияға жаныңыз жақын, іске берілген, терең ойлы жан деп сізді айтамыз. Интеллектіңіз қалыпты, ішкі түйсігіңізге сеніп, шабыттың қайнар көзін іздеңіз.
- Сізді басқалар жақсы көріп, сыйлап жүргені ұнайды. Кішіпейілсіз, бұл сізге ерекше күш береді. Жетістіктеріңіз арқылы басқаларды басқарғыңыз келеді, бірақ имиджіңізге нұқсан келтіретін бірден-бір жағдай – эгоистік.
- Өте жігерлі жансыз. Уақытты босқа өткізбейсіз. Шығармашылық бағытқа ұмтыласыз. Негізінен өте жақсы жазасыз. Бірақ әлі басталмаған іске кірісіп кетуден қорқасыз.
- Көңілді, тапқыр, шығармашылыққа жақын жансыз. Бірақ ештеңеге қол жеткізе алмайсыз. Ауқымды жобаларды жиі қолға аласыз да, орта жолда тастап кетесіз. Себебі қиын не қызықсыз болып кетеді. Шындығында ішкі жан дүниеңіз қай іске қабілетті екенін білмейсіз.
- Өмірге өте жеңіл қарайсыз. Кездесулер мен жиын-кештерге жаныңыз құмарсыз. Жаныңыздағылар бақытты болса, сіз де бақыттысыз. Бірақ өзіңізді жоғалтып алмаңыз.
- Өзгелердің сәтсіздігіне алаңдаумен жүресіз. Бірақ қалай көмектесуді де білмейсіз. Қоршаған ортаға үреймен қарайсыз. Үйреншікті нәрселерді жақсы көресіз. Артыңызға жиі қарайсыз, кейде өткенге оралуды аңсайсыз. Сәтсіздіктеріңізге өзгелерді кінәлайсыз.
- Сізде ешқандай менмендік жоқ. Өмірдің биік деңгейін ұнатасыз, бірақ ол ертеңгі күннің кепілі емес екенін білесіз. Өмірден барынша бүгін ләззат алып қалуға тырысасыз.
- Сіздің күш-қуатыңыз тасып тұр. Әлемді өз көзқарасыңызға сай өзгерткіңіз келеді. Әрдайым адамдардың назарында болып, олардың көңілін аулауды ұнатасыз. Барлығы сізбен бірге уақыт өткізгенде көңілді болғанын қалайсыз. Өзіңіз қайырымды болсаңыз да, өзгелердің жасаған жақсылығын қабылдауға қысыласыз. Негізінен эмоцияға байсыз, оны шығаруға қорықпаңыз.
Taulik.kz