13 млрд доллар: АҚШ тағы да Украинаға көмек береді
13 млрд доллар: АҚШ тағы да Украинаға көмек береді
АҚШ Украинаға жиырмаға жуық көмектің жаңа пакетін ұсынады, жалпы көмек көлемі 13 млрд долларға жетті, деп хабарлайды taulik.kz «Голос Америка» басылымына сілтеме жасап.
Бұл туралы 8 қыркүйекте АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Киевте Украина президентімен кездесуінде айтты.
«АҚШ-тың қорынан алынған бұл жиырмаға жуық көмек пакеті Президенттің ақпан айындағы жарлығы бойынша бөлінеді. Жалпы көмек көлемі 13 млрд-қа жетті. Бұдан бөлек, Украинаны ұзақ мерзімді қолдау аясында тағы да 1 млрд долларды сыртқы әскерді қаржыландыруға бағыттайтынымызды Конгреске ескертеміз», – деді Блинкен эфирде.
АҚШ Мемлекеттік хатшысының айтуынша, украиналықтар өздеріне келіп жатқан зымырандар мен артиллериялық қаруларды Ресейге қарсы тиімді пайдаланып жатыр.