Жаңалықтар

Halyk банктің қазақстандықтарға ай сайын 117 700 теңге төлейтіні рас па?

Halyk банктің қазақстандықтарға ай сайын 117 700 теңге төлейтіні рас па?

Желіде Halyk Bank әрбір қазақстандыққа ай сайын 117 700 теңгеден төлеуге тиіс екендігі туралы ақпарат жарияланды деп хабарлайды taulik.kz Халық үніне сілтеме жасап. Шын мәнінде, бұл жарнама алаяқтардың ісі және оның Halyk Bank-ке ешқандай қатысы жоқ.
«Бұл алаяқтар! Сақтық танытып, берілген сілтеме бойынша өтпеулеріңізді сұраймыз. Банк өнімдері, қызметтері және өткізетін акциялары бойынша барлық өзекті ақпарат Halykbank.kz сайтында жарияланады», – деп хабарлады банктің клиенттерді қолдау қызметі.
Сондай-ақ жарнаманың ресми ресурста емес, The Ticket West Michigan деп аталатын парақшада таралғанына назар аудару керек. Бұл АҚШ-тың Мичиган штатындағы Гранд Рапидс қаласында хабар тарататын коммерциялық спорттық радиостанцияның атауы. Олардың ресми сайтында қазақстандықтарға банктік төлемдер жасалатыны туралы жарнамаға тапсырыс бергенін растайтын ешқандай ақпарат жоқ. Сонымен қатар жарнамада көрсетілген сілтемемен өткен кезде пайдаланушылар іс жүзінде жоқ сайтқа түседі, демек, ол жойылған немесе бұғатталған. Қорыта айтқанда, Halyk Bank қазақстандықтарға ай сайын 117 700 теңгеден төлеуге тиіс екендігі туралы мәлімдеме – фейк.