Қазақстандық әйелдер бокс турнирінде 11 медаль жеңіп алды

11 қыркүйек, 2022 / taulik
ашық дереккөзі
Қазақстандық әйелдер бокс турнирінде 11 медаль жеңіп алды
Польшада өткен әйелдер арасындағы бокс турнирінде Қазақстан құрамасы атынан 17 спортшы бақ сынады, деп хабарлайды Taulik.kz Aikyn.kz сілтеме жасап. 
Польшадағы бокстан әйелдер арасындағы халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетті. Спортшыларымыз 11 медаль олжалады, деп хабарлайды ҚР ҰОК.
Алтын медальды Алуа Балқыбекова, Назым Қызайбай және Карина Ибрагимова иеленді. Күміс жүлде Валентина Хальзоваға бұйырды. Жеңістің үшінші тұғырына Балауса Мұздыман, Жайна Шекербекова, Жазира Орақбаева, Дариға Шәкімова, Сәния Сұлтанқызы, Гүлсая Ержан, Мәдина Нұрашева көтерілді.

Taulik.kz