Жетісуда тағы да бір орман алқабы өртке оранды
Жетісуда тағы да бір орман алқабы өртке оранды
Жетісу облысындағы Үйгентас орман алқабында 100 гектар жерді өрт басты, деп хабарлайды Taulik.kz.
"8 қыркүйектен бүгінге дейін тікұшақтармен 84 тонна су шашылды. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Өртті сөндіруге барлығы 188 адам, 2 тікұшақ, 21 техника, 60 бүріккіш және 6 ат жұмылдырылған", – деді ведомство өкілдері."Қазгидромет" РМК мәліметінше, Жетісу облысы аумағында таулы және тау бөктеріндегі аудандарда найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан соғатын жел жылдамдығы секундына 23-28 метрге жетеді.
Taulik.kz