Жаңалықтар

Оралда балалар үйінің екі тәрбиеленушісіне іздеу жарияланды

Оралда балалар үйінің екі тәрбиеленушісіне іздеу жарияланды

Оралда балалар үйінің екі тәрбиеленушісіне іздеу жарияланды.  БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Зачаган кентіндегі отбасылық үлгідегі балалар үйінде болған.
"10 қыркүйек шамамен сағат 11.30-да 2007 жылғы Максим Федуллев пен 2013 жылғы Николай Харченко белгісіз бағытта шығып, қайтып оралмаған. Ерекше белгілері: М.Федуллев арықша келген, бойы 160-165 сантиметр, шашы қара, көзі қоңыр. Н.Харченко да арықша келген, бойы 145-150 сантиметр, шашы ашық-сары, қысқа. Оларды көрген адамдар болса, 8-777-184-04-90немесе 102 телефонына хабарласа алады. Қазіргі кезде іздестіру жұмыстарына барлық жеке құрам жұмылдырылды", - делінген хабарламада.

Taulik.kz